×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Биыл мектеп түлектеріне қанша грант бөлінді

22.05.2023, 16:12
фото: ашық дереккөзден

Биыл елімізде талапкерлерге 73 мың грант бөліген. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, бұл гранттың 60%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінген.

«Биыл білім беру гранттарының жалпы саны 88 мыңды құрайды. Оның ішінде: бакалавриатта оқу үшін 73 мың грант, магистратураға – 13 мың, докторантураға – 1890 грант бөлініп отыр», - деп хабарлады вице-министр ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Елімізде негізгі ҰБТ 16 мамырда басталған болатын. Осы тестілеу нәтижесінде түлектер мемлекеттік грант конкурсына қатысады. 

"Грантқа құжат қабылдау және иегерлер тізімін жариялау күндерінде биыл өзгерістер жоқ. Яғни 13-20 шілде аралығында грантқа құжат қабылдауды, ал грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін жариялауды жоспарлап отырмыз. Жоғары оқу орындарына қабылдау әдеттегідей 25 тамызға дейін жүзеге асырылады", - деді спикер.

Серіктес жаңалықтары