×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстан нарығында онлайн саяхаттың дамуына не кедергі: сарапшылар пікірі

22.05.2023, 17:32

18-19 мамырда Астана қаласында TRAVELHUB Kazakhstan, ТМД-дағы туризм және қонақжайлылық индустриясындағы ИТ-технологияларды дамыту мәселелеріне арналған конференция өтті. Порталымыздың тілшісі аталған шараға қатысып, онлайн саяхат сарапшыларының пікірлерін тыңдап қайтты.

TravelТech панельді сессиясына онлайн тревел, әуе және жердегі тасымалдау технологиялары туралы нарық көшбасшылары – онлайн агенттіктер, қызмет көрсетушілер және жаһандық технологиялық провайдерлер қатысып, туристік компаниялар үшін технологияларды пайдалану мәселелерін талқыға салды.

Қазақстан нарығындағы трэвел нарық сараптамасы туралы алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген Saber Corporation Қазақстан және ОА өкілдігінің бас директоры Алексей Яшиннің сөзінше, пандемияның бір жарым жылында қалыптасқан адамдардың онлайн саудаға бейімделуі, сондай-ақ корпоративтік секторға дәстүрлі түрде қызмет көрсететін офлайн-агенттіктердің жүйесіз ұстанымдары онлайн-тревелдің дамуына тек оң әсерін тигізді.

«Ұшу шектеулерін алып тастай бастағанда, біз онлайн-сегментте сатылымның қарқынды өскенін көрдік. Өкінішке қарай, офлайн сегментте жұмыс істейтін компаниялар (корпоративтік және дәстүрлі агенттіктер) адамдардың талабына тез бейімделе алмады, осының кесірінен біраз тұтынушыларын жоғалтты. Интернеттегі сегмент, керісінше, сенімді түрде өсімін жалғастырды. 2019 жылмен салыстырғанда нарықтағы көрініс мүлдем басқа қырынан өзгерді. Егер бұрын офлайн-онлайн арақатынасы 75-тен 25-ке дейін болса, бүгінде ОТА Қазақстандағы тревел нарығының 75% сенімді үлесіне ие»,-деді Яшин.

TravelTech және әуе қызметтерінің нарығы сессиясында сөз сөйлеген Jusan Саяхат қосымшасының маманы Виктор Теннің сөзінше, ОТА бизнес нарығында дұрыс құрылған интеграция ғана нәтижеге апарады. Сарапшылардың сөзінше, тәуелсіз немесе экожүйелер шеңберінде ОТА(онлайн трэвел агенттігін) іске қосуда онлайн нарық сараптамасын жүргізу үлкен рөл атқарады. Егер еліміздегі өзге банктер дайын трэвел аналитиканы статистикалық мәлімет жүргізетін компаниялардан  сатып алу жолын таңдаған болса, Jusan online-travel-таланттарды өз ішінде көбейтуді көздеп отыр.

«Біз өз құрылымымызды құру арқылы о бастан интеграция және белгілі бір жүйені құру процестерін үнемдейміз. Бұл болашақта жаңа ойын ережелерін қалыптастыру бағытын жеңілдетеді. Мұндай тәсіл 8 ай ішінде небәрі үш маманмен «Jusan саяхат» өнімін жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Одан бөлек, онлайн-саяхат өнімдері Jusan үшін әуе және теміржол билеттерімен шектелмейді, бізге маңыздысы бірнеше жылда сапалы және жоғары нәтиже көрсететін команда негізін құру»,-деді ол.

Сондай-ақ, онлайн трэвел бірнеше маңызды компоненттерден тұрады.

«OTA-кәсіп бірнеше маңызды компоненттерге негізделген. Біріншіден, бұл әртүрлі технологиялық платформалары бар нарықтың әртүрлі қатысушыларының өнімдерін сату жүйесін құру мүмкіндігі. Өздеріңіз білетіндей, саяхат – күрделі және қымбат өнім. Екіншіден, бұл мыңдаған клиенттермен байланысу үшін қуатты байланыс орталықтарын құру тәжірибесін қажет етеді. Ең маңыздысы –  аталған компоненттерді тиімді және сапалы жұмыс істейтін IT шешіммен  байланыстыра білу. Қазақстан нарығында трэвел мамандар көп болғанымен, бәрін бір жүйеге орталықтандыратын IT-әзірлеушілерді табу қиын.  Тапқан күнде де олардың айлықтары нарықтағы бағадан шамамен алты есеге көп»,-деді сарапшы.

Сондай-ақ, Jusan саяхаттың өзге трэвел компаниялардан айырмашылығы неде және тұтынушыларыңыз кімдер деген сұрақ сессиия қатысушыларын қызықтырды.

 «Біздің өзгелерден айырмашылығымыз, саяхатқа алған билет құнының 5% картаңызға түседі. Және оны коммуналдық төлем шығындарын жабуға немесе Jusan маркеттен қалаған тауарыңызды алуға мүмкіндік бар. Кино мен концерттердің билетінен 4% бонус ретінде қайтарылады.  Jusan Саяхат алда қонақүй қызметін қосуды жоспарлап отыр. Бүгінде ресми сайтымызда миллионнан аса қолданушыларымыз бар. Белсенді пайдаланушылар саны бүгінгі таңда 40 мың адамды құрайды, ай сайын қолданушылар қатары 25% өсіп жатыр»,-деді Виктор Тен.

Талқылау кезінде сарапшылар Қазақстан нарығының Ресейден айырмашылығы туралы тәжірибелерімен бөлісті. Айтуларынша, Қазақстан көршілес елден әуекомпаниялар мен бірнеше онлайн-агенттіктер саны жағынан артта. Одан бөлек, біздің нарықта тапсырыс берушінің талабын қанағаттандыратын IT мамандар тапшы. 

 

Серіктес жаңалықтары