×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстанда киік саны қанша

23.05.2023, 16:21
nationalgeographic.kz

Елімізде киік саны 1,9 миллионнан асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“2023 жылғы әуе санағы деректеріне сәйкес киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа артты, яғни 45,3% -ға. Олардың ішіндегі ең көп Орал популяциясының саны 1,13 млн. дарақ, Бетпақдала – 745 300, Үстірт – 39 700”, – делінген экология министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді. Аталмыш жануарларды санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биыл Қазақстанның төрт облысында ғылыми мақсатта барлығы 1815 киік аулау жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары