×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Астана мектептерінде соңғы қоңырау тек үш сыныпқа ғана өткізіледі

24.05.2023, 14:13
ortalyq.kz

Астана қаласының Білім басқармасы оқушылар үшін соңғы қоңырау қашан соғылатынын, мектеп түлектеріне аттестат қай күні тапсырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Биылғы оқу жылы көктемнің соңғы күнінде аяқталады. 31 мамыр –жалпы білім беретін мектептер бекітілген кесте бойынша сабақтар өткізеді және сол күні сынып сағаты өтеді. Балалар мұғалімдермен бірге оқу жылын қорытындылап, жазғы демалысқа арналған жоспарын талқылайды. 1 маусым – Балаларды қорғау күні – 4, 9 және 11-інші сыныптар үшін салтанатты іс-шара өтіп, түлектер үшін соңғы қоңырау соғылады», - делінген ведомство мәліметінде.

Биыл Астанада 9-сыныпты 18 443 оқушы, 11-сыныпты 9 539 түлек аяқтайды.

«Маусымның алғашқы онкүндігінде 9-сынып түлектері қорытынды емтихан тапсырады, ал 11-сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5-19 маусым аралығына өтеді. 22 маусым күні түлектерге аттестат беріледі», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматының білім басқармасы мектеп бітірушілерге арналған салтанатты шаралар қалай өтетінін түсіндірген.

Серіктес жаңалықтары