×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанда қанша адамның ипотекалық қарызы бар

24.05.2023, 16:56
Қазақстанда қанша адамның ипотекалық қарызы бар
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 500 мың адамның ипотекалық несиесі бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бірінші кредиттік бюро" мәліметінше, орташа қарыз 10,2 млн теңгені құрайды.

"Бүгінгі таңда ипотекалық несиенің жалпы көлемі – 5,9 трлн теңге. 290 000 несие алушы қарызды ең кемі 10 жылға алған"– делінген хабарламада.

Берілген несиелер саны бойынша Астана мен Алматы көш бастап тұр.

"Ипотекалық несие алушылардың 36 пайызын екі қаладағы тұрғындар құрайды. Атап айтсақ, Астанада – 98,1 мың, Алматыда – 83,5 мың несие алушы тіркелген"– делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық банк Қазақстанда ипотекаға сұраныс төмендегенін мәлім еткен.