×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Дарынды оқушыларға 4,5 млн теңгеге дейін үстемақы береміз – Аймағамбетов

12.07.2022, 13:30
фото: ашық дереккөзден

Бұдан былай халықаралық пәндік, мәдени және спорттық олимпиадаларда жүлделі орыннан көрінген оқушыларға 4,5 млн теңгеге дейін бір жолғы үстемақы беріледі. Бұл туралы  Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің айтуынша, жеңімпаздар Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылып, өзі қалаған отандық ЖОО-ға емтихан тапсырмай түсе алады. Олардың ұстазы мен тәлімгерлеріне де қаржылық ынталандыру көрсетіледі. 

«Мен ҰБТ тапсырмайды деп әдейі айтып отырмын. Мысалы, химия бойынша дарынды балаларды алайық. Менделеев атындағы үлкен халықаралық байқауда жүлделі болды, бірақ қазақ тілі мен тарихы пәндерінен әлсіз болуы мүмкін. Бірақ соңғы екі пәнге бола химия пәніндегі білімін құрбан қылмай, қолдау көрсетеміз. Дәл осындай салалық дарынды балалар үшін ерекше қолдау көрсетіледі», – деді Асхат Аймағамбетов.