×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанда туристік маусым басталды: Алакөлге ұшақтар жиі ұшатын болады

28.05.2023, 15:44
Ашық дереккөз

Қазақстандағы туризм индустриясы індеттен айыққанымен, оның дамуына жолдардың нашарлығы кедергі келтіруде. Үкімет отырысында осындай тұжырымдар айтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2022 жылдың соңында отандық туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 1,7 миллион адамға артып, 8,6 миллионға жетті. Биыл ел ішінде демалуды шешкен қазақстандықтардың саны 9 миллион адамға жетуі мүмкін деген болжам бар. Елдегі қонақүйлер саны 4000-ға жақындады. Бұл ретте олар 203 мыңнан астам демалушыны қабылдай алады.

Бұл ақпарат елдегі туристік маусымның басталуына арналған үкімет отырысында айтылды.

Туризм саласының дамуын тежейтін түйткілді мәселелердің қатарында жолдардың сапасын аталды. Үкімет Алматы-Өскемен, Астана-Балқаш-Алматы, Қызылорда-Жезқазған жолдарын жөндеуді тез арада аяқтау керектігін, бұл осы өңірлердің курорттық аймақтарына туристерді көбірек тартатынын мәлімдеді.

Алакөл көлінің әуе қолжетімділігін арттыру үшін ұшу жиілігін көбейтіп, тасымалдауға кең ұшақтарды тарту тапсырылды.

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов те барлық теміржол желілерін сапалы жылжымалы құраммен қамтамасыз етуді міндеттеді.

Серіктес жаңалықтары