×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

"Тынышталыңыз, сотталушы": Мұхамедиұлының бұрынғы қызметкері судьядан сөз естіді

31.05.2023, 11:37
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астанада Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айта кетейік, Ұлттық музейдегі ақша жымқыру ісі бойынша бас бухгалтер Айым Сәдуақасова да сотталушылар орындығында отыр. Отырыстың басында ол адвокаттан бас тарту туралы өтінішін қанағаттандыруды сұрады. Алайда, судья заң бойынша бұл өтінішін қабылдау мүмкін емесін айтты.

Ол сотталушы бұл мәселені алдын-ала шешуі керегін айтты. Алайда судьяның түсіндіргеніне қарамастан Сәдуақасова өз өтінішін қайталаумен болды.

"Сіз қазір әдейі сот отырысын бұзып отырсыз. ҚІЖК сәйкес кез келген уақытта қорғаушыдан бас тарту құқығыңыз бар. Мұндай бас тартуға сотталушының бастамасы бойынша қылмыстық іске қатысушы қорғаушы бар кезде ғана жол беріледі. Сотталушы, тынышталыңыз. Бұл жағдайда сізде екі адвокат бар. Садықов қатысып отырған жоқ. Сіздің бас тартуыңыз екі адвокат қатысып отырғанда мәлімделуі керек. Сіз оны шақырған жоқсыз, сондықтан сот сіздің бас тартуыңызды қабылдамайды. Қазір сот сізден жауап алмайды", - деді судья.

"Мен мұны процеске қатысып отырған адвокатпен талқылағым келеді", - деді Сәдуақасова.

"Сіздің тағы бір адвокатыңыз болуы керек. Сотталушы қорғаушысыз бас тарта алатын жағдайлар бар. Бірақ бұл баптың санаты оған  сәйкес келмейді. Сондықтан сот сіздің ісіңізді қарауды жалғастыруда. Отырыңыз, қылмыстық істі қарау жалғасуда. Сот адвокаттан бас тартуды қабылдамады, өйткені ҚІЖК сәйкес екінші адвокат қатысуы керек. Сотталушы Сәдуақасованың іс-әрекеттері осы істі қарауды әдейі кейінге қалдыру ретінде бағаланады", - деді судья.

Отырыс жалғасып жатыр.

Еске салайық, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды.

Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілді. Бұдан басқа, А. Мұхамедиұлының Мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексерілді.

Іс бойынша төрт айыпталушы бар: Арыстанбек Мұхамедиұлы (Ұлтық музей директоры), Ұлттық музейдің экс-директоры Алмас Нұразхан, “Экспонат” ЖШС директорының орынбасары Азамат Көшенов, “Экспонат” ЖШС бас бухгалтері Айым Сәдуақасова.

Бұдан бұрын Арыстанбек Мұхемадиұлыны адвокаты  Мұстақым Төлеев актер Тұңғышбай Жаманқұлов экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлынан кек алу мақсатында оның үстінен арызданғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ, сотталушы Көшенов сотқа Тұңғышбай Жаманқұловты куәгер ретінде шақыруды өтінді. Айтуынша, актер ол туралы "жалған ақпарат берген". Сотталушы не үшін екенін сұрап, Жаманқұловқа хат жазғанда актер "сені танымаймын" деп жауап берген-мыс.
 
Алайда прокурор Зәкіров "оны шақырудың қажеті жоқ" деген болатын. Судья ақыры Тұңғышбай Жаманқұловты сотқа шақырудың маңызы жоқтығын айтып, Көшеновтың өтінішін қанағаттандырмады.

Сондай-ақ, судья Мұхамедиұлын үйқамаққа жіберуге де келіскен жоқ.

16 мамырдағы сот отырысында экс-министр прокурорға шүйлігіп, оны қызметінен алып тастауды талап еткен

22 мамырда  бұрынғы Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұловадан куәгер ретінде жауап алынды.

Ал 23 мамырдағы отырыста адвокат Айгерім Әнуарбек бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның туған-туыстарына бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

24 мамырдағы сот отырысында азапталғанын мәлімдеген Мұхамедиұлы психологтың көмегін талап етті.

Серіктес жаңалықтары