×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда такси қызметімен айналысатындарға қойылатын талап өзгереді

01.06.2023, 09:34
Қазақстанда такси қызметімен айналысатындарға қойылатын талап өзгереді
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы «Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы мен Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұйрықтың жаңартылған нұсқасында «таксимен тасымалдаушы» бөлігі толыққан. Атап айтқанда, енді ол жеке тұлға, жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметін көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға болуы мүмкін.

Айта кетейік, қолданыстағы бұйырықта «таксимен тасымалдаушылар» қатарына жеке тұлғалар енбейтін.

Сонымен бірге, мұндай санаттағы такси жүргізушілері қызметін бастамас бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама жолдауға міндеттеледі.

«Қызметті көрсетуді бастағанға дейін интернет-платформаларды және платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органына такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама береді», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасында.

Егер құжаттар талапқа сәйкес келген жағдайда ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, онымен еңбек шарты жасалып, кейін жүргізушіге жеңіл таксиді басқаруға рұқсат беріледі. Алайда, такси қызметін көрсетуге ниетті жүргізушінің жеке көлігі болмаса, онда оған кәсіпкер немесе заңды тұлға жеңіл темір тұлпар ұсынады.

«Жеке тұлғаға дара кәсіпкер немесе заңды тұлға автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жеңіл автомобиль ұсынады. Жеке тұлғаның талаптарды сақтауын бақылау жеңіл автомобильдің иесі болып табылатын дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға жүктеледі», - делінген жаңа редакцияда.

Бұйрықты ашық талқылау 9 маусымға дейін жалғасады.

Айта кетейік, бұдан былай елімізде курьерлер мен таксишілер салық төлеуге міндеттеледі.