×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Даниал Ахметовтың ШҚО әкімі ретіндегі өкілеттігі аяқталуына 10 күн қалды

02.06.2023, 08:23
ulysmedia.kz

Жақында Даниал Ахметовтың Шығыс Қазақстан облысының әкімі ретіндегі өкілеттігі аяқталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімнің өкілеттігі 2022 жылдың 11 маусымында дәл бір жылға ұзартылған болатын. Бұл шешім Ахметовтің "көп жылдық жұмыс тәжірибесімен" түсіндірілді.

Даниал Ахметов – қазақстандық билік олимпінің ұзақ орныққандардың бірі. 

Еңбек жолын 1976 жылы Екібастұзда Бүкілодақтық комсомол құрылысында прораб болып бастаған, кейін инженер, әкім, министр, премьер-министр орынбасары және премьер-министр лауазымына дейін көтерілді.

2014 жылдан бастап табан аудармай Шығыс Қазақстан облысын басқарып келеді.

Айта кетерлігі, Ахметов әр кезіккен сайын оның зейнет жасында екенін еске салудан шаршамайтын журналистердің шабуылына табандылықпен тойтарыс беріп келеді.

Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында ол әкім лауазымында тағы қанша уақыт отыруға ниетті екенін айтқан еді.

Сондай-ақ, ШҚО әкімі Қазақстанды "елбасысыздандыру" процесіне қатысты пікір білдірген.

Серіктес жаңалықтары