×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Елімізде іскерлік белсенділік бәсеңдеді

02.06.2023, 12:39
Getty Images

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі Ақша-кредит саясаты департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Мамыр айында біршама бәсеңдеген іскерлік белсенділік 50,6-ны құрап, оң аймақта қалды. Барлық сектор үшін жеткізу мерзімінің ұзаққа созылуы іскерлік белсенділікті тежеуші фактор болып қалып отыр", – деп жазылған хабарламада.

Көрсеткіштің өндірісте жақсара түскен. Мұнда индекс 50,2 (сәуірде – 49,4) құрап, оң аймаққа өтті. Қызмет көрсету секторында да іскерлік белсенділік индексі 51,1-ге дейін (сәуірде – 51,8) біршама төмендегеніне қарамастан, оң аймақта тұр. Құрылыс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде іскерлік белсенділіктің тиісінше 49,6-ға дейін (сәуірдегі 49,9-дан) және 49,5-ке дейін (сәуірдегі 49,8-ден) едәуір төмендегені байқалды. Тауарлы-материалдық қор көлемінің төмендеуі тау-кен өнеркәсібіндегі көрсеткіштің динамикасына әсер етті. Жаңа тапсырыстардың көлемі артқанына қарамастан, құрылыста жеткізу мерзімі ұзарып, жұмыспен қамту деңгейі түскендіктен көрсеткіш төмендеді.

"Бизнес-ахуал индексі аздап артып, қазіргі және келешек бизнес жағдайларды бағалау да жақсара түсті. Көрсеткіш өндіріс пен қызмет көрсету секторында өсіп, құрылыс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде төмендегені байқалды. Осылайша, қазіргі және келешек бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 15,4-ті (2023 жылғы сәуірде – 14,0) құрап, бизнес-цикл "сағатының" индикаторы өсу аймағында қалды", – деп түсіндірді департамент директоры Рүстем Оразалин.

Серіктес жаңалықтары