×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

"70 есе көп": Биыл қазақстандықтар құмар ойындарға қанша ақша жұмсағаны айтылды

02.06.2023, 13:51
dauletten.kz

Қазақстанда 2019 жылмен салыстырғанда 2022 жылы құмар ойындар мен бәс тігу қызметтерінің көлемі 40 есеге өскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті.

«Соңғы 2 жылда құмар ойындар нарығы жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, қазақстандықтар ең көп жұмсайтын жетекші орынға ие болды. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ғана халықтың шығыны 100 млрд теңгеден асты. Бұл кітапханалар мен мұражайларға қарағанда 70 есе, шығармашылық пен өнерге қарағанда 50 есе, IT қызметтеріне қарағанда 5 есе және жылжымайтын мүлік операцияларына қарағанда 2 есе көп», - деді Марат Ахметжанов.

Министрдің сөзінше, құмар ойынға әуестіктіктің артуына жарнамалардың кез келген онлайн-платформада қолжетімділігі себеп болып отыр.

«Бүгінде ешкім лудомания мәселесімен айналыспайды. Салық органдары тек салық төлетуге мүдделі. Жергілікті атқарушы органдарға бюджетке түсетін түсімдер маңызды. Кәсіпкерлер кірісті «қуады». Нәтижесінде халық зардап шегеді: азаматтар мүліктерін салып, несие алады. Артынан ажырасады, жұмысынан айырылады, қылмысқа барады, өмірмен есеп айырысады», - деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын «TikTok»-та құмар ойын ұйымдастырып, 13 млн теңге табыс тапқан алматылықтар сотталған еді.

Серіктес жаңалықтары