Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге дейін қысқартуды 2024 жылдың соңына дейін ұзартады, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазақстан тәулігіне 78 мың баррельге дейін өзінің ерікті қысқартуын 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін ұзартады, бұл – бұған дейін сәуір айында ерікті қысқарту туралы жариялаған ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдермен үйлестіру шарасы", – делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Бұл шешім 2023 жылғы 4 маусымдағы ОПЕК+ 35-ші министрлік кездесуінде келісім бойынша қабылданды.