×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

«Қазақстандағы орыстарға соғысуға рұқсат беру керек»: ҚР СІМ ресейлік депутатқа жауап берді

05.06.2023, 16:37
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресей мемлекеттік думасының депутаты Сергей Мироновқа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, таяуда Ресей мемлекеттік думасының депутаты әрі «Справедливая Россия» фракциясының жетекшісі Сергей Миронов Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мемлекетаралық келісімге келіп, экономикалық одаққа мүше елдердің бірінің азаматы екіншісіндегі әскери операцияларға қатысар болса, оны қылмыстық тұрғыда қудаланбайтындай келісім жасалуы керектігін айтқан еді. «Егер орыс ұлтының азаматы тарихи отанына көмектесу үшін арнайы операцияға барып, еліне қайта оралса – оны қамап тастайды, бұл – абсурд» деген еді зМиронов.

Осы жөнінде Қазақстанның сыртқы істер министрлігі не ойлайтынын журналистер бүгін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтан сұраған.

«Иә, мен де (ақпаратты – авт.) көрдім.Еуразиялық экономикалық одақ деген атынан-ақ байқауға болады. Экономикалық одақтың еш саясатқа да, соғысқа да қатысы жоқ. Сондықтан бұл бос әңгіме», - деді Айбек Смадияров бүгінгі брифингте.

Еске сала кетейік, Қазақстан азаматы шет елдерден қандай да бір қарулы қақтығыстарға қатысса, ол елде 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Серіктес жаңалықтары