×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Алматыда тыр жалаңаш самокат тепкен қыз бен жігіт іздестірілуде (ВИДЕО)

21.07.2022, 11:13
фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Алматыда самокат мінген жалаңаш қыз бен жігіттің видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеодан Алматыда түнгі уақытта әл-Фараби даңғылының бойында самокат теуіп бара жатқан жас қыз бен жігіттің тырдай жалаңаш екенін көруге болады.

«Жергілікті полиция қызметі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталған өрескел деректі тексеріп жатыр. Өрескел құқықбұзушылар міндетті түрде анықталып, заңға сәйкес жазаланады», - деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.