×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

«ОДКБ» шеңберінде Қазақстан армиясы басқа елдердің соғысына араласа ма

07.06.2023, 12:48
ҰҚШҰ

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы ережесі бойынша Қазақстан армиясы басқа елдердің соғысына араласып кетуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, бұл бағытта түпкілікті шешімді Парламент қабылдайды.

«Мен Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі ретінде бүкіл жауапкершілікпен Қазақстанның Қарулы күштері біздің елдің аумағында екенін айта аламын. Сыртқа шығу жөнінде, бітімгерлік бағытта қандай да бір миссияларды біз БҰҰ шеңберінде ғана жүргіземіз. ҰҚШҰ елдерінің аумағына шыққалы отырған жоқпыз. Сабыр етіңіздер, ешқайда шықпаймыз», - дейді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Украинадағы шиеленіс аумағына ҰҚШҰ аясында қазақстандық бітімгерлерді жіберу ықтималдығы жөнінде пікір білдірген.

Серіктес жаңалықтары