×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қазақстандық бітімгерлер Украинадағы шиеленіс аумағына жіберілуі мүмкін бе

31.05.2023, 12:51
ҰҚШҰ

Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Украинадағы шиеленіс аумағына ҰҚШҰ аясында қазақстандық бітімгерлерді жіберу ықтималдығы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрдің орынбасарынан Қазақстанның бітімгерлерін Украина мен Ресей шекарасына жіберу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

Қамалетдиновтың айтуынша, мұндай шешім қабылдаудың реті жоқ.

«Мұндай тәуекелдер жоқ. Бұл тұрғыда мемлекеттің ерікті негізде қатысуы ескерілген. Екіншіден, әскери контингентті мемлекеттен тыс жерге бағыттаған кезде, бұл шешімді алдымен Парламент мақұлдауы тиіс», - деді вице-министр.

Осы ретте ол бұл мәселеге қатысты шешім Парламенттің құзыретінде екенін, сондықтан Қорғаныс министрлігі бітімгерлерді бағыттауға қатысты өз еркімен бұйрық шығармайтынын айтты.

Айта кетейік, бұдан бұрын Тасмағамбетов Тоқаевқа ҰҚШҰ жоспарлары туралы баяндаған.

Серіктес жаңалықтары