×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Дархан Қыдырәлі: Думан Мұхамедкәрімнің үстінен саяси көзқарасы үшін іс қозғалып отыр

07.06.2023, 17:23
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Алматыда қамауда отырған журналист Думан Мұхамедкәрімнің ісі турасында мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жалпы біз әріптестеріміз жөнінде мүмкіндігінше пікір білдіруге, оларға араша түсуге, тиісті құрылымдармен жұмыс істеуге, дер кезінде әрекет жасауға тырысып келеміз. Кейбірінде әлеуметтік желі, кейбірінде телефон арқылы. Думан әріптесіміз өзінің журналистік көзқарасы, қызметі үшін емес, саяси көзқарасы үшін қазір іс қозғалып отыр», - дейді Дархан Қыдырәлі.

Министрдің айтуынша, Думан Мұхамедкәрімнің журналистік қызметіне ешқандай шектеу қойып отырған жоқ.

«Ол саналы түрде саяси көзқарасы үшін осындай қадамға барып отыр. Әрине, біз сот үкімін күтеміз. Егер журналистік әрекеті үшін болса, әрине оған араша түсеміз», - дейді ол.

«Сіз оның саяси көзқарасымен келіспейсіз бе?» деген сұрағына Дархан Қыдырәлі «әркімнің өзінің ұстанымы бар» деп жауап берді.

Еске салайық, Думан Мұхаметкәрім 20 наурызда Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырғаны үшін қамауға алынды. Қамауда отырғанда журналист аштық жариялады.

15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.

2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.

Бұдан бұрын адвокат Ғалым Нұрпейісов Әблязовпен сұхбаты үшін журналист жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан.

26 мамырда босап шыққан Думан Мұхаметкәрім 28 мамырда қайта қамауға алынды. Оның үстінен ҚР ҚК 405-бабы ("экстремистік ұйымның қызметіне қатысу және ұйымдастыру") бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

2 маусымда журналистің тергеу изоляторында тағы да аштық жариялағаны белгілі болды.

Көп ұзамай оның әкесі әкесі Алмаз Тілепов те ас-судан бас тартатынын мәлімдеді. Іле аудандық прокуратурасына барған Думан Мұхаметкәрімнің ата-анасы ұлдарының заңсыз ұсталып отырғанын, денсаулығы нашарлағанын айтып, оны босатуды талап етті.

Серіктес жаңалықтары