×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Алматының 4 саябағында самокатпен жүруге тыйым салынды

08.06.2023, 13:43
фото: ашық дереккөзден

Алматыда жалға алынған электрсамокат үшін шектеу аумақтары бекітілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол қозғалысы барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында және қоғамдық орындарда қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Алматыда кикшеринг компанияларымен бірге қала әкімдігі электрсамокаттың жүруі шектелетін орындарды анықтады.

«Мәселен,электрсамокатпен «Южный», 28 панфиловшы, Мәдениет және демалыс, Тұңғыш Президент саябақтарында жүруге болмайды. Сонымен қатар ҚБТУ алдындағы және «Северный» скверінде, Ботаникалық бақта, Арбатта (Жібек жолы даңғылы Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін) және Терренкурде жүруге шектеу қойылды»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Бұдан басқа, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Мақатаев, Чайковский және Желтоксан көшелерінің аумағында орналасқан скверде жылдамдық 10 км/сағ дейін шектеледі.

Аталған аумақтарда және Төлебаев көшесінде электрсамокаттарды қалдыруға тыйым салынады.

Шектеу электросамокатты жалға беруші компаниялардың арнайы қосымшасында көрсетіледі.

«Қолданушылар ережені сақтап, адам көп жиналған орындарда үлкен жылдамдықпен жүрмеуі тиіс»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, елімізде қабылданған жаңа заң самокатшыларға қойылатын талаптарды күшейтті.

Серіктес жаңалықтары