×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Биыл Қазақстанға қанша турист келді

08.06.2023, 17:37
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросы жыл басынан бері елімізге келген туристер санын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бюро мәліметінше, 2023 жылдың І тоқсанында шетелге 1,4 млн қазақстандық шықты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66%- ға көп (2022 жылғы қаңтар-наурыз – 845,2 мың адам).

Сонымен қатар Қазақстанды туристік орын ретінде 1,1 миллион адам таңдаған. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,9 есе көп (2022 жылғы қаңтар-наурыз – 293,2 мың адам). Ел ішінде биылғы алғашқы үш ай ішінде 1,3 млн адам демалған (2022 жылы – 1,1 млн адам).

“Орналастыру орындарының саны 3 848 бірлікті құрады, өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда олардың саны 92 бірлікке өсті. Бұл ретте қызмет көрсетілген демалушылар саны 1,5 млн адамды құрады. Курорттық аймақтарда 703 мыңнан астам адам демалды”, – делінген хабарламада.

Қаңтар-наурызда орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 43,1 млрд теңгені құрады, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64,8%-ға артық.

Айта кетейік, Қазақстанда 5 жұлдызды рейтингі бар 25 орын бар, олар бірінші тоқсанда 173 мың қонақ қабылдаған.

Серіктес жаңалықтары