×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ресейді терроризмнің демеушісі деп тану туралы заң жобасы АҚШ Конгресіне тағы ұсынылды

10.06.2023, 14:43
Ашық дереккөз

Заң жобасы авторларының пікірінше, бұл Ресей Федерациясын одан әрі оқшаулап, Украинаға шабуылында экономикалық шығын әкеледі. Ресейді терроризмнің демеушісі деп тану мәселесі Конгресс қарауына екінші рет ұсынылып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құжат бастамашылардың бірі, демократ Тед Лидің сайтында жарияланды.

Онда Ресейдің Украинадағы қақтығысқа дейін де, кезінде де мемлекеттік емес лаңкестік топтарға бірнеше рет демеушілік жасағаны айтылған. Авторлар мысал ретінде Ресей Федерациясының Шешенстан мен Донбасстағы әрекеттерін, сондай-ақ Сириядағы қазіргі режимге қолдау көрсеткенін келтіреді. Конгрессмендер Ресей үкіметінің әскери операцияларда Вагнер сияқты жеке әскери компанияларды пайдаланғанын да атап өтті.

«Ресей президенті Владимир Путиннің нұсқауы бойынша Ресей Федерациясының үкіметі саяси қарсыластар мен жекелеген мемлекеттерге қарсы халықаралық лаңкестік әрекеттерге жәрдемдесуді жалғастыруда», - делінген құжатта.

Егер Ресей Федерациясы лаңкестікке демеушілік жасайтын ел ретінде танылса, бұл АҚШ президенті Джо Байденнің жаңа санкциялар енгізу мәселесінде мүмкіндіктерін кеңейтеді.

АҚШ Конгресі мұндай заң жобасын екінші рет енгізіп отыр. Бұл бірінші рет 2022 жылы болған. Мемлекетті терроризмді демеушілер тізіміне енгізу АҚШ Мемлекеттік департаментінің құзыретіне кіреді. Бірақ ведомство мұндай шешім қабылдауға асықпағандықтан, конгрессмендер құжатты өздері қабылдаймыз деп қорқытуда.

Еске салайық, лаңкестік демеушілер тізіміне Куба, Солтүстік Корея, Иран және Сирия кірген.

Украина Ресейді Каховка ГЭС-ін әдейі жарып жіберді деп айыптағанын хабарлаған едік. Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздер қазіргі уақытта мүмкін емес деп мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары