×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Құзырлы органдар «өрт әдейі қойылған» деген нұсқаны тергеп жатыр

12.06.2023, 12:52
Фото: Скриншот

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өрт қою әрекеті орын алған жерлерді көрсететін бейнематериалдардың таралуына байланысты қазіргі жағдайды нақтылау маңызды деп есептейді Абай облысының әкімдігі.

Видео авторы от найзағайдан емес, қолдан әдейі тұтандырылған болуы мүмкін екенін хабарлайды. Алайда әкімдік видео түсірілген аумақта жиналған отыннан шыққан от орман нуына таралмағанын атап өтеді.

Қазір құзырлы органдар осы мәселені жан-жақты зерттеп жатыр. Тергеу ықтимал өртегішті анықтауға және сол жағдай ауқымды өртке себеп болды ма деген сұрақтың жауабын анықтауға бағытталған.

Еске салайық, 8 маусымда “Семей орманы” аумағында өрт  тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Серіктес жаңалықтары