×
448.89
487.09
4.89
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.89
487.09
4.89

«Маған давление жасап жатырсыз»: Киногерлер дауы Ораловты үкіметте «қуып жетті»

13.06.2023, 13:18
Фото: Скриншот

Бүгін үкімет кулуарында киногерлердің дауы Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловты «тағы қуып жетті». Бұған дейін Ulysmedia.kz тілшісі Ұлттық киноны қолдау орталығы өткізген киножобаларды іріктеу конкурсына наразылық білдірген киногерлер шағымы жайлы пікірін сұраған. Бұл жолы министрге басқа әріптестер тарапынан  осы сұрақ тағы қойылды.

Журналист Серік Жолдасбай Асхат Ораловтан «Киногерлер сізбен кездесе алмай жүр? Не себепті оларды қабылдамайсыз?» деп сұраған. Министр «бұл – өзекті сұрақ» деп бастады әңгімесін.

«Біздің өкілдер де, Ұлттық кино орталығы да олармен кездесті. Өзіміздің мәдениет комитетінің де төрағасы екі-үш рет кездескен болатын, вице-министр де. Олардың өтініші негізінде біз арнайы комиссия құрдық. Ол комиссияға мәжіліс депутаттары, Атамекен палатасының өкілдері кірді. Сол комиссия отырысының қорытындысына сәйкес, ақпарат беріледі», - дейді Асхат Оралов.

Министр «қажеттілік болса, өзім де кездесем» дейді. Ораловтың сөзінше, комиссия құрамында конкурсқа қатысы жоқ адамдар кірмеген. Журналист дегенмен министрден комиссияның қаншалықты тәуелсіз бола алатынын сұраған. Себебі киногерлердің өзі де құрылған комиссияның тәуелсіз бола алатынына күмән білдірген еді.

«Тәуелсіз дегеніміз не? Өтініш берген азаматтар бірінші кезеңнен өтті. Екінші кезеңнен өтпеген жобалар бар. Егер біржақты өкілдерді кіргізсек, ол тәуелсіз комиссия болмайды ғой. Сондықтан ең алдымен заңгерлер, аудиторлар бәрін қарастырады. Бір-екі апта шыдап кетейік. Комиссия қорытындысы шығады», - дейді ол.

Журналистің министрмен әңгімесі біршама қызу өткенін атап өту керек. Министр бір сұрақ бірнеше рет қойылды деген уәж келтіреді. Журналист нақты нақты жауап ала алмағанына көңілі толмады. Сөз арасында Оралов «маған давление жасап жатырсыз» деп те айтып қалды. Алайда киногерлермен кездесетін күнді атамады.

Еске сала кетсек, Естеріңізде болса, Алматыдан Астанаға арнайы келген киногерлер наурызда Ұлттық киноны қолдау орталығы өткізген киножобаларды іріктеу конкурсына наразылық танытып, министрліктің алдына жиналған еді. Айтуларынша, орталыққа 290 киножоба жолданған. Соның ішінде 130 киножоба іріктеуден өтіп, 150-ден астамы қайтарылған.

Киногерлер сол іріктеу конкурсы әділетсіз, заң бұзушылықтармен өтті деп есептейді. Наразы болып Алматыда 12 мамырда митингке де шыққан. Алайда "іріктеу тексерілсін, жаңадан тәуелсіз комиссия құрылып, өткен жобалар тексерілсін" деген оларға полиция заңсыз жиын өткізді деп айыппұл салған.

Серіктес жаңалықтары