×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Назарбаев жайлы кітаптың авторы «Хабар 24» арнасының басшылығынан кетті

15.06.2023, 18:02
Коллаж: Ulysmedia.kz

«Хабар 24» арнасының директоры Айгүл Әділова қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Екі жылдан кейін телевизия саласында жүргеніме 20 жыл толады. Соның 8 жылы “Хабарда” өтті. Тілшіліктен бастадым, жүргізуші болдым, ақпараттық бағдарламалар дирекциясына жетекшілік еттім. Соңғы жылда “Хабар24” арнасының директоры қызметін атқардым. Бұл қызметтен кетіп барамын. Әріптестеріме адал қызметіне, өз ісіне деген махаббаты, қолдауы үшін алғыс айтамын”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, Айгүл Әділова – Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбат сериясына негізделген "Штрихи к портрету" кітабының авторы.

Кітаптың сипаттамасында бас кейіпкер (Нұрсұлтан Назарбаев) елдің қалыптасуы туралы сұрақтарға ашық жауап беріп, үлкен саясаттың жасырын қатпарларын ақтаратыны, өзінің жарқын жеңістері туралы әңгімелейтіні айтылған.

Серіктес жаңалықтары