×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады

16.06.2023, 12:59
фото: ашық дереккөзден

Астана халықаралық әуежайында ұшып-қону жолағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Астана халықаралық әуежайында ұшып-қону жолағына (ҰҚЖ) жыл сайынғы ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған. Жұмыстар 15 шілдеден 8 тамызға дейін (11:00-ден 18:00-ге дейін) өтеді.

Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан ҰҚЖ жөндеуге түсіністікпен қарауды және билетті сатып алу кезінде жұмыстарды жүргізу мерзімін ескеруді сұрайды. Жөндеу жүргізу мерзімдері отандық авиакомпаниялармен келісілгенін және ұшуды қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесімен шартталғанын атап өту қажет», - делінген әуежайдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жоспар бойынша ұшып-қону жолағының жекелеген учаскелерінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты ауыстырылады. Ұшуды қамтамасыз ету бойынша жарық сигнал беру жабдығы да жөнделеді.

Мәлім етілгендей, аталған мерзім жөндеу жұмыстары үшін ең қолайлы кезең. Себебі өткен жылдарға талдау бойынша дәл осы кезеңде жауын-шашынның ең аз мөлшері түседі, сондай-ақ асфальтбетон зауыттары үздіксіз жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары