×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанда жаңадан үш аудан құрылады

17.06.2023, 12:35
Ашық дереккөз

Тоқаев Ұлттық құрылтайда Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы Катонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандары қалпына келетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

«Үкімет менің тапсырмаммен бұл мәселені пысықтады. Мен соған сәйкес Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы негізгі шешімді қабылдадым. Әрине, бұған арнайы дайындық керек. Қажетті есеп-қисабын жасап, қаражатымызға, бюджеттің мүмкіндігіне қарауымыз керек. Тиісті жұмыстың бәрін биыл аяқтап, алдағы екі жылдың ішінде осы үш ауданды қалпына келтіре бастаймыз. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан қарасақ та, өте маңызды мәселе. Осы мәселені көпке созбай, шешуіміз қажет. Жалпы, аудандарды қосу немесе тарату ондағы жұрттың күнделікті өміріне тікелей әсер етеді. Шешім қабылдаған кезде халық саны, экономикалық әлеуеті, инфрақұрылымы түгел ескерілуге тиіс», - деген президент аймақтарды, оның ішінде ауылды өркендету ісіне ерекше мән беретінін баса айтты.

 Айта кетейік, Түркістанда екінші Ұлттық құрылтай өтіп жатыр. Онда президент кейбір ірі елдер бізге өз стандарттарын күштеп енгізгісі келетінін мәлімдеді.

Содан соң Кеңес дәуіріндегі жасанды тұлғалардың есімін нысандарға беруді доғару керектігін ескертті.

Президент кейде балалардың қатыгездігі жан түршіктіретінін айтты. Ол ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет деп санайды

Серіктес жаңалықтары