×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Олардың мотиві бар – Біртанов өзіне ақпараттық шабуылды кім жасап жатқаны жайлы болжамын айтты

29.07.2022, 14:53
Фото: Скриншот

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов БАҚ өкілдерімен зум арқылы байланысқа шығып, өзіне қарсы жасалған ақпараттық шабуылдың негізсіз екенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айта кетсек күні кеше телеграм-арналардың бірінде Елжан Біртановқа қатысты ақпарат таратылған болатын. Ондағы мәліметте осыдан екі жыл бұрын Елжан Біртанов Таразда жүрген кезінде коронавирус жұқтырғаны жазылған.

«Біртанов сол кезде Тараздағы кез келген инфекциялық ауруханада оқшаулануы керек еді. Алайда шенеунік заң қайшылығына қарамастан астанаға жету үшін санавиация бортын пайдаланған. Негізі саниавиация ұшағы онкологиямен ауырған, қос өкпеден пневмонияға ұшыраған әйелді алып кетуі керек болатын. Алайда пациент астанаға жете алмады. Оның орнына ұшақпен министр кетті. Біртанов шын мәнінде, ауру әйелдің жағдайын пайдаланып, фальсификацияға барды. Біртановтың бұл тұрғыда моральдық қағидаттары туралы не деуге болады? Әйел кейін қайтыс болды. Сонда әлгі әйелдің өмірінен Біртановтыкі артық болды ма?» - деп ақпарат таратқан телеграм-арна.

Бұл мәселенің жала екенін айтқан экс-министр бүгін БАҚ өкілдерімен зум арқылы жүздесті. Елжан Біртанов кешегі ақпарат шынында да жүрегіне батқанын айтады.

«Әрине, ол толық өтірік. Осыған байланысты кеше өз қорғаушыларыммен ақылдасып, Бас прокуратураға арыз жібердім. Себебі жалған ақпарат тарату – заңбұзушылық. Тікелей айтқанда, Қылмыстық кодекстің 274-бабы бұзылып отыр. Президент әкімшілігіне де шағым жібердім. Себебі бұрын осындай факттар бойынша полицияға арыз жібергенмін. Бірақ ешқандай шара қабылданған жоқ. Кеше екі жарымда сот басталғанда судья Әлкеновке де осы мәселені айттым. Өйткені менің ойымша, сот төрағасы осындай ақпаратқа байланысты міндетті түрде өз шешімін қабылдауы керек еді», - дейді Елжан Біртанов.

Экс-министр сот басталғалы мұндай ақпараттық шабуылға бұрын да ұшырағанын айтады. Судья мұның алдында тиісті шешім қабылдамағаннан кейін белгісіз адамдар қорықпай, жалған ақпаратты тағы таратқан. Экс-министр судьяның өзіне осылай дегенін жеткізді.

«Бас прокуратураға менің өтінішім тіркелді. Ары қарай қажетті шаралар енгізіледі деп сенемін. Қалай зерттелетінін білмеймін. Санавиация бойынша ешқандай факт немесе қылмыс тіркелген жоқ. Кеше сотта оны біз талқылаған жоқпыз. Мен Тараздан астанаға басқа науқасқа арналған ұшақпен ұштым деген ешқандай ақпарат болған жоқ. Ондай факт жоқ. Болса мен бұрыннан-ақ мүмкін түрмеде отырар едім. Әрине, бұл өте күрделі әрі ауыр айып. Ондай айыптау іс материалдарында тігілмеген», - деді ол.

Елжан Біртанов соттағы куәгерлер «Біртановтың Тараздан Нұр-Сұлтанға келуі заң аясында болғанын айтқанын, ондай құқығы барының жеткізгенін» атап өтті.

«Мұндағы негізгі мақсат – біздің қоғамда Біртанов және Әбішевтің образын қылмыскер, жемқор ретінде көрсету, халықты соған сендіру деп ойлаймын. Бірақ мен сот ашық болсын, барлық БАҚ қатыссын деп өтіндім. Осындай өтірікті кім таратты?» - дейді ол.

Елжан Біртанов өзіне жасалған ақпараттық шабуылды сот шешіміне әсер ету амалы деп қарастырады.

«Бұл менің ойым. Бұл мәселені құқық қорғау органдары қарастыруы қажет. Кім тапсырыс беруі мүмкін? Бәріңіз білесіздер, бұл қылмыстық істі бастаған – Қаржы мониторингі агенттігі. Басынан бастап бұл агенттіктің тергеуі көп бұзушылықпен, заңсыздықпен өтті. Ол барлықтарыңызға мәлім. Себебі сот төрағасы Әлкенов те, басқа да соттар бұзушылықтарды көріп, түзету үшін өз шешімдерін берген. Өкінішке қарай түзетілген жоқ. Әрине, тергеу органы бұзушылықпен екі жыл бойы тергеу жасап, істі сотқа тапсырғаннан кейін олар әрине, менің ойымша қорқып отыр. Ертең шындық шығып, сот мені ақтаса, олармен не болады? Олар қызметтен бәлкім, кетеді, қандай да басқа оларға айып қосылады бәлкім, кім біледі. Олардың мотиві бар. Маған да да әртүрлі ақпарат жетіп жатыр. Үйқамақта отырсам да, жұмысқа шығам. Әріптестеріммен араласам. Осындай факттар бар деп ойлаймын», - деді ол.

Еске сала кетсек 2016 жылы Хорватияның Ericsson Nikola Tesla байланыс операторы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен медициналық ақпарат порталы туралы келісімге келген болатын. Келісім құны 20 миллион еуроны құрады. «Ericsson» Қазақстанға денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесін ұлттық деңгейге жеткізуге көмектесуді міндетіне алған. Тапсырманы орындау үшін бір жыл қажет болды, сонымен қатар пайдаланушылар үшін жеткізушінің қосымша үш жылдық қолдауы қажет еді.

Жоба 2018 жылы аяқталып, оны сол кездегі Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бекіткен. Ол 2020 жылдың маусымында отставкаға кетті. Бірақ сол жылдың соңында цифрландыру қорынан 445 мың еуро жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.