Әлеуметтік желіде Екібастұздағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі кәмелеттік жасқа толмаған қызды қорлағаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
14 жастағы оқушы қыздың ата-анасы дене шынықтыру пәні мұғалімінің анайы қылықтарын әлеуметтік желіде жариялады. Қыздың анасының айтуынша, мұғалім қызын қорлаған.
«Ол оған хат жазып, ұятсыз ұсыныстары мен онымен жақын қарым-қатынасты білдіретін дауыстық хабарламалар жіберген», - делінген жазбада.
“Екібастұз қаласының білім бөлімі жағдайға қатысты әрекет жасады”, – деп жазады Павлодар жаңалықтары.
«Бұл мұғалімге қатысты бұрын да, қазір де ата-аналардан, оқушылардан ешқандай шағым болған жоқ. Біз бұл ақпаратты әлеуметтік желіден көрген бойда полицияға тексеруге тапсырдық», - деді министрліктегілер.
Құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 123-бабының екінші бөлігі (Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.