×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Астана іргесінде қураған ағаш өртеніп жатыр

19.06.2023, 10:27
Астана іргесінде қураған ағаш өртеніп жатыр
inbusiness.kz

Елорда іргесінде қураған ағаш өртеніп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қураған ағаштың өртеніп жатқаны жайлы хабарлама өрт сөндірушілерге бүгін сағат 09:12-де түскен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде Қорғалжың тасы жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған ағаштың өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі уақытта жеке құрамның 15 маманы мен 3 техникасы өртті сөндіріп жатыр», - деп атап өтті департаменттен.

Еске салайық, бұдан бұрын ШҚО-ның Қатонқарағай ауданы Сенное ауылынан 3 шақырым жерде, Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Ақсу филиалының аумағында өрт шыққан.

Сондай-ақ, төтеншеліктер 10 шақты күн бойы Абай облысындағы өртпен арпалысты.  “Семей орманы” аумағында өрт  8 маусымда тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Абай облысына аттанған үкіметтік комиссия 10 күн тергеу жүргізіп, өртті сөндіру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтамақ.

Сондай-ақ, бұдан бұрын ІІМ басшысы Марат Ахметжанов өртті дер кезінде ауыздықтай алмаған экс-министр Юрий Ильиннің әрекеті тексерілетінін мәлімдеді.

Ал Бас прокуратура борман өртінің шығуы себебі бойынша үш нұсқа тексеріліп жатқанын айтты.