×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Грузияда қазақстандық журналисті өлтірген күдікті ұсталды

19.06.2023, 13:25
әлеуметтік желіден

Грузияның ішкі істер министрлігі қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің өлімі туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеу нәтижесінде қасақана кісі өлтірді деген күдікті ұсталған. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу мәліметтері бойынша, Сагареджо муниципалитетінде күдікті мен журналист арасында жанжал туған. Ол Жанболат Төлегенді доғал затпен ұрып өлтірген. Күдікті марқұммен бұрыннан таныс болған.

Ол қылмыстың іздерін жасыру үшін әйелдің денесін өзенге лақтырған.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Жанбота Төлегеннің денесі елге жеткізілгенін, 2 маусымда жерленгенін хабарлады.

"Қазақстанның Грузиядағы консулы жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста және мәселені бақылауда ұстап отыр. Біздің азамат Грузияда жеке сапарда болды, кәсіби қызметке ешқандай қатысы жоқ", - деп атап өтті ол.

Еске салайық, бұдан бұрын әріптесі Жанболат Төлегеннің өлтірілгенін мәлім еткен.

Серіктес жаңалықтары