×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Батыс Қазақстанда ит өлтірген әйелдің үстінен іс қозғалды

07.10.2021, 21:34
Фото: ашық дереккөз

Instagram әлеуметтік желісіндегі пабликтердің бірінде өлтірілген иттің және оны өлтірді деп айыпталған әйелдің фотосы жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ktk.kz-ның мәліметінше, әлеуметтік желіде итті өлтірген әйелдің аудиожазбасы тараған. Онда ол бұдан бұрын да екі итті өлтіргенін айтады.

«Бұл үшіншісі, анда тағы басқалары жүгіріп жүр. Жаным рахаттанып қалды. Тағы өлтіргім келіп тұр, қолыма түспей тұр», - деп күледі әйел.

Сонымен қатар, екінші аудиожазбада ол үстінен қылмыстық іс қозғалатынын айтқан.

«Мені қылмыстық іс қозғалатыны жөнінде айтып қорқытып жатыр. Мен тезірек отырсам, тезірек шығамын дедім», - дейді ол.

Әлеуметтік желіде аталған әйелдің Теректі ауданы, Шөптікөл ауылында тұратыны жазылған. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Теректі ауданында болғанын растады.

«Хабарлама Теректі ауданы полиция бөлімінің бірыңғай тергеп-тексеру тізілімінде тіркелді. Жануарға қатыгездік жасау дерегі анықталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 306-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Әйелдің психиятриялық ауруханада есепте тұратыны жөніндегі дерек анықталмады», - деп хабарлады ведомстводан.

Аталған бап бойынша айыпты деп танылған адам 120 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 120 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

 

Серіктес жаңалықтары