×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Әмина Арыстанбек Sanremo Junior 2021 фестиваліне қатысады

07.10.2021, 23:19
Фото: YouTube

10 жастағы алматылық Әмина Арыстанбек Sanremo Junior-2021 фестиваліне қатысады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24kz-ның мәліметінше,  Байқау қазан айының 12- сі мен 17-сі аралығында Италияның әйгілі Сан-Ремо қаласында өтеді. Бұл байқауға Қазақстанмен қоса, Армения, Украина, Ресей, Мальта, Израиль сияқты бірнеше ел қатысып жатыр. Фестиваль Сан-Ремодағы әлем жұлдыздары өнер көрсеткен ARISTON концерт залында өтеді.

«Мен байқауларға тыңғылықты дайындалам. Сабағымнан қалмаймын. Соңғы бір айда күнде келіп жүрмін. Белгілі бір жетістікке жету үшін тынбай еңбектену керек деп ата-анам айтып отырады. Мен өзім де музыканы жақсы көрем. Болашағымды онсыз елестете алмаймын. Осы байқаудан керемет әсер алатыныма сенімдімін», - дейді Әмина Арыстанбек.

Әмина скрипкадан өзге домбыра мен фортепианода ойнайды. Ал вокал мен биге 5 жасынан бастап қатысып келе жатыр. Sanremo Junior 2021 байқауында қатысушылар шығармаларын оркестрдің сүйемелдеуімен орындайды. Онда Әмина норвегиялық музыкант Александр Рыбактың «Fairytail» әнін айтады.

Серіктес жаңалықтары