×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

9 күн қалды: мамандандырылған ХҚКО-лар күшейтілген жұмыс режиміне көшті

22.06.2023, 08:46
9 күн қалды: мамандандырылған ХҚКО-лар күшейтілген жұмыс режиміне көшті
фото: ашық дереккөзден

 Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі аяқталатын күн жақын. Осыған орай, ІІМ мамандандырылған ХҚКО-лар мен процессингтік орталықтар күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, 23 қаңтардан бастап 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастырып жатыр. Заңдастырудың аяқталуына 10 күннен аз уақыт қалды (1 шілдеге дейін). Осыған байланысты мамандандырылған ХҚКО-лар және әкімшілік полиция басқармаларының процессингтік орталықтары күшейтілген жұмыс режиміне көшті:

- дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00 – 20:30

- сенбі күні сағат 9:00 – 19:30.

"1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Алайда, өтінім беріп үлгерген азаматтардың автокөліктері талаптарға сай келетін болса, көрсетілген мерзімнен кейін заңдастыру құқығы беріледі”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және бұрын тіркелген елінен есептен шығарылмауы себебінен заңдастыру мүмкін болмайтын автокөліктерді мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылданды. Мұндай автокөліктер көрсетілген мерзім өткеннен кейін кері әкету туралы міндеттемемен 5 жыл мерзімге уақытша есепке алу немесе бұрынғы тіркеу орны бойынша автокөлікті есептен шығарған жағдайда заңдастыру шарттарымен тіркеледі.