×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

Ердоғанның сайлаудағы қарсыласы 110 жылға сотталуы мүмкін

23.06.2023, 09:14
Ердоғанның сайлаудағы қарсыласы 110 жылға сотталуы мүмкін
Коллаж: Ulysmedia.kz

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлаудағы қарсыласы Кемал Қылышдароғлы үстінен сотқа 28 талап арыз түсірді. Егер Ердоғанның талабы қанағаттандырылса, қарсыласы 110 жылға бас бостандығынан айырылуы және саяси қызметпен айналысу құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Сumhuriet басылымына сілтеме жасап.

Қылышдароғлының адвокаты Джелал Челиктің айтуынша, 28 талап арыздың көпшілігінде талапкер – Ердоғанның өзі. Арыздардың көпшілігі бойынша саясаткер төрт жылға дейін, ал барлық арыздар бойынша 110 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оппозициялық "Халықтық альянстың" кандидаты Кемал Қылышдароғлы президенттік сайлаудың екінші турында Ердоғаннан 47,82% дауыспен жеңіліп қалды. Сайлаудағы жеңілісінен кейін ол Парламентке кірмеді және депутаттық иммунитетінен айырылды.

24 мамырда Қылышдароғлы бұрмаланған видеоға байланысты Ердоғаннның үстінен сотқа арыз түсіргені хабарланды.

Айта кетейік, 28 мамырда өткен президенттік сайлау нәтижесі бойынша қайта сайланған Режеп Тайып Ердоғанның өкілеттігі 2028 жылға дейін созылды.