2023 жылдың 5 айында алимент төлемдері бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 1 094 борышкер әкімшілік жауапқа тартылған. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министрдің сөзінше, алимент төлемеудің негізгі себептері – борышкерлердің ресми жұмыс орнының, кірістері және өндіріп алуға болатын мүліктердің болмауы.
Азамат Есқараев 7 мыңға жуық борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қойылғанын айтты.
«Кей жағдайларда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіру қиынға соғады. Осыған байланысты, өңірлік әділет департаменттері әкімдіктермен бірлесіп, борышкерлерді тұрақты жұмысқа тұрғызу жәрмеңкелер өткізеді. Мысалы, 2022 жылдың 5 айында республика бойынша 1 400 борышкер жұмысқа орналастырылған», - деді министр.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шығыс Қазақстан облысында балаларына 4 млн теңге алимент төлемеген ер адамға үкім шықты.