Беларусь президенті Александр Лукашенко мен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Беларусь президентінің баспасөз қызметі Лукашенко мен Назарбаевтың екі ел арасындағы қарым-қатынасын талқылағанын мәлімдеді.
"Халықаралық жағдайды, аймақтағы оқиғаларды және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынасын талқылады", – делінген ресми хабарламада.
Сондайақ, Лукашенконың Ресей басшысымен сөйлескені хабарланды.
Еске салайық, 24 маусымға қараған түні “Вагнер” ЖӘК басшысы Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген. Ол науқанның мақсатын «Ресей Қорғаныс министрлігінің басшылығын жауапқа тарту» деп атады. ЖӘК басшысы «Президенттік билік, үкімет, Ішкі істер министрлігі және басқа да құрылымдар Қазақстандағы жұмысты жалғастырады» деп сендірді.
Айта кетейік, бұған дейін Путин Пригожинді «сатқындық жасады» деп айыптап, бүлікті басуға бұйрық бергенін мәлімдеген.
Путиннің мәлімдемесіне берген жауабында “Вагнер” Ресейде жаңа жуырда жаңа президент болатынын айтты.
Көп ұзамай Ресейлік ФСБ «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс қозғады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады. Қазақстандықтардан жақын арада Украинамен шекаралас Ресей территорияларына бармауды сұрады.
Алайда Пригожин райынан тез қайтты. Оны қарулы қақтығысты тоқтатуға үгіттеген – Беларусь президенті Александр Лукашенко. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ол Пригожинге қарсы қылмыстық іс тоқтатылатынын, оның Беларуське кететінін жеткізді.
25 маусымға қараған түні «Вагнер» жауынгерлері Дондағы Ростовтағы Оңтүстік әскери округінің штаб-пәтері маңындағы аумақты тастап кеткені мәлім болды.