×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Балқаштағы өрт кезінде 10 мың гектардан астам аумақ жанып кетті

29.06.2023, 11:12
көрнекі фото

Десе де төтенше жағдайлар министрлігі небары 100 гектар аумақ жанып жатқанын алға тартып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстандық журналист Кирилл Павлов тағы да өрт алаңы көрсетілген скришоттарды жариялады. Ол қазірдің өзінде 10 мың гектардан астам жер өртеніп кеткенін мәлімдеді.

Төтеншеліктер Ulysmedia.kz тілшісін өрт сөндірушілер 100 гектар аумақты сөндіріп жатқанына сендірді.

"Өрт аумағын бұл жағдайда ТЖМ емес, резерват анықтайды. Резерваттың құзыреті. Кеше кешкі мәлімет бойынша өрт аумағы 100 га болған. Өртенген аумақтың жалпы ауданын резерват айқындайды. 100 га – бұл қазіргі уақытта өртеніп жатқан алаң, онда сөндіру жүріп жатыр", - деді ТЖМ.

Өрт тұтанғалы бері 10 мың гектар жер өртеніп кетті ме деген сұраққа оң жауап берілді.

"Иә, ауа-райы қолайлы болса, қалған 100 га одан әрі таралмайды", - деп нақтылады министрліктен.

 

Естеріңізге сала кетейік, Балқашта бірнеше күннен бері өрт тұтанып жатқаны 25 маусымда белгілі болды.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысындағы барлық дала өрттерінің жойылғаны туралы хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары