×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Балқаштағы өрт: автотехника жану ошағына жете алмай жатыр

29.06.2023, 12:51
видеодан кадр

Төтенше жағдай министрлігі Іле-Балқаш резерватының аумағында табиғи өртті сөндіру жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жылдар бойы қалыптасқан тереңдігі 1,5 метрге дейін жететін қамыс үйіндісі отты ауыздықтауды қиындатып отыр. Авиацияны қолдана отырып судың төгілуіне қарамастан, жану жалғасып жатыр. Өрт сөндіру автотехникасының өте алмауынан және өрт орнына жету қиын болғандықтан, тілсіз жаумен күрес жерүсті тәсілмен қол инструменттерін: хлопушкалар, мотопомпалар мен шанц құралдарын пайдалана отырып жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жел бағытын ескере отырып, жалын ошақтарын қарама-қарсы бағытта өшіру әдісі қолданылып жатқаны хабарланды.

“Қазавиақұтқару тікұшағы су төгуді жалғастыруда. Өртті сөндіруге 80 адам және 22 техника жұмылдырылды», - деп мәлім етті ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, Балқашта бірнеше күннен бері өрт тұтанып жатқаны 25 маусымда белгілі болды.

Бұдан бұрын резерваттағы өрт кезінде 10 мың гектардан астам аумақ жанып кеткенін хабарлағанбыз.

 

Серіктес жаңалықтары