×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Спортты дамытуға бөлінген миллиондардың ұрлануы: 21 іс тергеліп жатыр

04.07.2023, 08:02
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының ұрлануының алдын алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Спорттық-сауықтыру іс-шараларының, нысандардың, құрама командалардың, бұқаралық спорттық іс-шаралардың, федерациялардың рейтингісі мен қауіптері көрсетілген тізбесі қалыптастырылды. Сондай-ақ, саланы қаржыландырудың жолдары мен көлемі, оның ішінде демеушілік көмек көлемін анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде”, – деп мәлім етті ведомство.

Агенттік ақпаратынша, 2023 жылдың 6 айында жалпы сомасы 269,3 млн теңге залалы бар 21 іс тергеліп жатыр.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында спортты дамытуға шамамен 300 млрд теңге бөлінген. Мамандар тауарлар мен қызметтерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, қызмет көрсетудің нақты орындалмауы және басқа да бұзушылықтар бойынша талдау жүргізбек.

Айта кетейік, бұдан бұрын СҚО-ның спорт мектептеріне жүргізілген тексеру нәтижесінде 14 адам жауапкершілікке тартылып, 4 шенді қызметінен айырылған болатын

Сондай-ақ, ҚМА Арман Шораев басқарған жылдардағы «Қазақстан барысы» турниріне бюджеттен бөлінген миллиард теңгеден астам қаражаттың жұмсалу заңдылығын тексеріп жатыр

 

Серіктес жаңалықтары