×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

"Әскер – колония емес": Министр депутаттың қашқын ұлы дұрыс тәрбие көрмегенін айтты

04.07.2023, 13:45
әлеуметтік желіден

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ол әскери бөлімнің бақылауында болған. Бірақ өз еркімен кетіп қалған. Әскер – жасөспірім қылмыскерлерді ұстайтын колония емес. Аталған мәселеге қатысты тәрбиеден болған кемшілік деп санаймын», – деді Руслан Жақсылықов Үкімет кулуарында.

Министр депутаттың ұлын қандай жаза күтіп тұрғанын айтты.

«Оның әскери бөлімнен кетіп қалуына жол берген офицерлер тәртіптік жазаға тартылады. Ал әскери қызметшіге қатысты жазаны сот анықтайды. Гауптвахтаға қамалуы мүмкін», – деді министр.

Еске салайық, бұдан бұрын заңгер Анна Чернова Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткенін хабарлады.

Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растап, қатардағы жауынгердің мерзімді әскери борышын өтеп жатқан жері – Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінен қашқанын мәлім етті.

4 шілдеде ведомство Нұрасыл Болаттың ұсталғанын хабарлады.

Ақпан айында Анна Чернова мен күйеуі Олег Чернов екеуін Нұрасыл Болат соққыға жыққан болатын.

Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-нің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бұрын Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылық ісі жайлы пікір білдірген. Оның сөзінше, жәбірленушілер татуласуға ниет білдірген.

Алайда соққыға жығылған заңгерлер депутаттың сөзін жоққа шығарды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын жәбірленушілер шабуыл жасаған кезде Тұрлыхановтың ұлы әскерде болуы керектігін айтқан.

Жуырда Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының қылмыстық ісіне қатысты пікір білдірді.

Серіктес жаңалықтары