×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Егіс алқаптарын сумен қамту қиындады: Қазақстанда күріш қаншалықты қымбаттайды

04.07.2023, 14:58
фото: ашық дереккөзден

Үкімет отырысында экология министрі Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы су шаруашылығының жағдайы күрделі болып отырғанын жеткізді. Осы орайда журналистер Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен биыл күріш бағасы қаншалықты қымбаттауы мүмкін екенін сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Егіс алқаптары қысқарып жатқан жоқ. Күрішті жалпы жинау көлемі азаяды деген болжам да жоқ. Өздеріңізге белгілі, біз өз-өзімізді күрішпен толық қамтамасыз етіп отырмыз, сондай-ақ өнімнің белгілі бір бөлігін экспортқа шығарамыз. Сол себептен бағаның күрт өсуі, тұтынушыларымызға күріштің жетпей қалу қаупі туындамайды", - деді Қарашөкеев.

Министрдің сөзінше, күріш бағасының өсуі республикадағы жалпы инфляция көрсеткішіне тығыз байланысты. Десе де ол бағаның 2-3 есеге артуы болмайтынына сендірді.

Айта кетейік, экология министрі Сүлейменованың дерегінше, сәуір айынан бастап Шардара су қоймасына су аз келуде. Биылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығында су қоймасына 2,23 млрд текше метр су түседі деп күтілген. Бірақ іс жүзінде 1,291 млрд текше метр су түсті. Бұл Түркістан облысында ғана емес, Қызылорда облысында да шілде айында суармалы жерлерді, әсіресе күріш дақылдарын сумен қамтамасыз етуде қиындықтар тудыруы мүмкін дейді министр.

Серіктес жаңалықтары