×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Нұрәли Әлиевтің компаниясы клиенттерді бәсекелестермен шартты бұзуға шақырған

05.07.2023, 12:10
Нұрәли Әлиевтің компаниясы клиенттерді бәсекелестермен шартты бұзуға шақырған
Коллаж: Ulysmedia.kz

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Транстелеком» АҚ  белгілі бір операторлардан ауысқан жағдайда интернетке қол жеткізу қызметтеріне 100% жеңілдік беру туралы жарнамалық материалды тарату бойынша қызметін тексеру қорытындысын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Агенттіктің хабарлауынша тексеру барысында нарық субъектісін бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру түрінде көрсетілген жосықсыз бәсекелестік белгілері анықталған.

«Алматы Телекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ түсірген шағымның аясында тексеріс жүргізіліп, акционерлік қоғам жарнамалық материал таратқаны белгілі болды. Онда  акционерлік қоғам 4 ай мерзімге Интернетке қосылу қызметтеріне 100% мөлшерінде жеңілдік ұсынған. Міндетті шарт — үшінші тарап операторларынан көшу, ауысып келу. Акционерлік қоғамның бұл әрекеттері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 177-бабы 2-тармағының, сондай-ақ 186-бабының 9) тармақшасында көзделген нормаларын бұзу болып саналады» делінген хабарламада.

Осыған байланысты, компания заңбұзушылық белгілерін жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама жіберілген.

Айта кетейік, "Транстелекомның" мажоритарлы иесі – Қазақстанның тұңғыш президентінің немересі Нұрәли Әлиев.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда путиншіл әнші Григорий Лепстің концерті өтпек болған Қонаев қаласындағы Makao Luxury Village Resort компаниясының ойынханасына Нұрәли Әлиевтің қатысы бар екені белгілі болды

Ал бір ай бұрын депутат Ермұрат Бапи Назарбаевтың айналасы Қазақстанның активтерін қалай тартып алғанын айтып берді.