×
514.65
544.6
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.65
544.6
5.17

МАЭК-те энергоблокты жөндеу аяқталды

06.07.2023, 09:31
МАЭК-те энергоблокты жөндеу аяқталды
Ашық дереккөз

Маңғыстау облысының әкімдігі МАЭК компаниясына қарасты жылу электр орталығындағы №1 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтау үшін МАЭК қызметкерлері тәулік бойы тынымсыз жұмыс істеген.

«Жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілді, бірақ мерзімінен бірнеше сағат бұрын аяқталды. Энергоблок таңғы 05:51-де іске қосылды. Жөндеу жұмыстары 4 шілде күні сағат 21:50-де басталды, себебі энергоблоктың қазандығын суыту үшін көп сағат қажет болды. Энергетикалық мекеме қызметкерлері бастапқыда энергоблоктың қазандығын жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтауға жұмылған болатын. МАЭК мамандарының дұрыс және жедел жұмысының арқасында энергоблок жабдығының ауыр зақымдануының дер кезінде алды алынды. Осылайша, облыс орталығы мен Маңғыстау облысы елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын электрмен қамту жолға қойылды», - деп жазды әкімдік.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҰҚК МАЭК пен Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апаттарды тергеумен айналысады.

Сондай-ақ, электр қуатының ақауы «ҚазМұнайГазға» зиянын тигізгені мәлім болды.

Бұған дейін Қаражанбас кен орнында электр қуатының үзілгені айтылған болатын.

Бір күн бұрын сыртқы желілердегі электр қуатының үзілуі салдарынан Атырау мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғылары істен шықты. Шілденің 3-і күні кешке зауытта электр қуаты толығымен сөніп қалды. Бұған МАЭК-тегі апат себеп болды.