×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қашаған кен орны жөндеуге жабылады

09.10.2021, 14:11
Қашаған кен орны жөндеуге жабылады
Фото: otyrar.kz

Қашаған кен орнында мұнай өндірісі тоқтатылады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

otyrar.kz-ның мәліметінше, кәсіпорынға күрделі жөндеу қажет. Күрделі жөндеу келесі жылға жоспарланып отыр. Қара алтын өндіріп жатқан консорциумның хабарлауынша, судағы және жердегі қондырғылар тозған. Кейбірін ауыстырып, біразын жөндемек.

Өндіріс бір айға тоқтайтындықтан қажетті қор жиналатынын да жеткізді. Ал мұнай арзандай бастады. Баррелі 82 долларға жеткен қара алтын қазір 80 доллардан сатылып жатыр. Бұған АҚШ-та мұнай қорының ұлғаюы себеп.