×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

АҚШ-та жүрген Астана әкімінің экс-орынбасары неге әлі тұтқындалмады – елшінің жауабы

13.07.2023, 13:46
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев қашып жүрген Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елшіге LRT салу кезінде ұрлық фактілері бойынша айыпталған Қанат Сұлтанбековтің Нью-Йоркте тұратыны және неге ұсталмағаны туралы сұрақ қойылды.

"Сұрақты біздің американдық әріптестерімізге де қою керек. Екі ел арасында белгілі бір құқықтық тетіктер бар және осы келісімде көрсетілген барлық шарттарды сақтау қажеттілігі бар. Олар, әрине, кінәлі адамдарды жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Кінәлілерді, қайталап айтайын. Негізінен бұл құқық қорғау органдарының жұмысы", - деді елші.

Сұлтанбеков елорда әкімінің орынбасары лауазымында бес жыл – 2009 жылдан 2014 жылға дейін жұмыс істеді.

Мамыр айының басында ол Астанада LRT салу кезінде ақша жымқыру ісі бойынша сотталды: мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор құрылымдарында қызмет атқаруға тыйым салына отырып 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда Сұлтанбековтің өзі әлі қамалған жоқ.

Серіктес жаңалықтары