×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Астанада су, жарық пен жылу бағасы қаншалықты өсті

14.07.2023, 14:33
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы Қанат Құлназаров елордада коммуналдық қызметтер ақысы қаншалықты өскенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астананы электр қуатымен жабдықтау саласында департамент қызметін реттейтін 2 табиғи монополия субьектісі бар. Бірі – «Астана-РЭК» АҚ, екіншісі – «Астанаэнергосбыт» ЖШС.

«Астана-РЭК» тарифі электр қуатын сатып құны 32,7 млн теңгеге артуымен, еңбекақыға жұмсалатын шығын 1,6 млрд теңгеге ұлғаюына, мемлекет меншігінен кәсіпорынға берілген желілерді күтіп ұстау шығындары 98,7 млн теңгеге артуымен байланысты түзетілді. Тарифтің өзгеру мәні 64 тиынға тең. 1 Квт/сағ электрдің тарифі 5,38 теңгеден 6,14 теңгеге немесе 29,5% өсті», - деді департамент басшысы.

Айтуынша, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің электрмен жабдықтау тарифі энергия көздері мен энергия беруші кәсіпорындардың тарифінің өсуіне байланысты түзетілген.

«Сондай-ақ, еңбекақы төлеу шығындарының артуы да осыған ықпал етті. Тарифтің орта есеппен өзгеруі 2,7 теңгеге тең. 1 Квт/сағ электр құны 20,4 теңгеден 23,1 теңгеге өсті. Жалпы, кәсіпорындар тарифті 27,1 теңге ету туралы өтінім түсірген болатын. Халық үшін тарифтің өзгеру мәні 2,5 теңге болып отыр. 1 Квт/сағ электрдің құны 14,7 теңгеден 17,2 теңгеге ұлғайды. Өтінім 19,2 теңге болды», - деді Қанат Құлназаров.

Қалада жылумен жабдықтау тарифі де артқан.

«Астана-Теплотранзит» АҚ-ның тарифі еңбекақы шығындарын 631 млн теңгеге ұлғайтумен, электр қуатына жұмсайтын шығынның 359 млн теңгеге жетуімен, жергілікті әкімдіктерден қайтарып алған желілерді күтіп ұстау шығындарын 180 млн теңгеге дейін өсірумен, желілерді реконструкциялауға 1,1 млрд теңге қосымша инвестиция салумен байланысты өсті. Демек, тариф 230,4 теңгеге, 1 ГКал энергияның құны 1 236,5 теңгеден 1 466,8 теңгеге дейін ұлғайды», – деді департамент басшысы.

Сондай-ақ, 1 тамыздан Астанада жылу энергиясының жаңа тарифі қолданысқа енеді.

«Астана қаласының сумен жабдықтау және су бұру саласында «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызмет көрсетеді. Бекітілген тариф аясында мынандай шаралар көзделген: біріншіден, су бұру желілерін жөндеп, реконструкциялауға, қондырғылар мен арнайы техниканы жаңартуға 1,2 млрд теңге қосымша инвестиция бөлу. Екіншіден, электр қуатына жұмсалатын шығынды арттыру. «Астана арнасы» үшін бұл стратегиялық тауар болып есептеледі. Үшінші кәсіпорын жұмысшыларының орташа номиналды айлықтарын өсіру. Осы айтылған фактілерді есептесек, сумен жабдықтау және су бұру тарифі халық үшін орта есеппен 10 теңге айналасында өзгертілді. 1 текше метр суық судың тарифі 48 теңгеден 58 теңгеге дейін, су бұру тарифі 7,5 теңгеге өседі.», - деді Қанат Құлназаров.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жоғары аудиторлық палатаның басшысы Наталья Годунова жылумен жабдықтау тарифтері көтерілмесе, елдің бірнеше өңірінде Екібастұздағыдай жағдай қайталануы мүмкін екенін айтқан.

Серіктес жаңалықтары