×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Атырау мен Боржоми бауырлас қалаға айналады

15.07.2023, 08:43
Ашық дереккөз

Грузияның Боржоми қаласының мэрі Атырау мен Боржоми арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандумға қол қоюды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ATPress-ке сілтеме жасап.

14 шілдеде Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Боржоми қаласының мэрі Отар Арболишвилимен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық пен туризмді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Серік Шәпкенов соңғы жылдары Боржоми атыраулықтардың демалатын сүйікті қалаларының біріне айналғанын атап өтті.

Грузия қаласының мэрі Атырау облысының әкімдігіне ризашылығын білдіріп, екіжақты байланыс екі ел үшін де өте маңызды екенін атап өтті. Атырау мен Боржоми арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандумға қол қоюды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары