Жетісу облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті журналист Думан Мұхмаеткәрімнің денсаулығына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Талдықорған қаласының тергеу изоляторында жатқан, тергеу-қамауға алынған Думан Мұхамедкәрім мерзімді емхана дәрігерлерінің тексеруінен өтті, оның нәтижелері бойынша денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп танылды.
Бұдан басқа, медициналық персонал тергеудегі адамның денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізеді”, – деп жазды құзырлы органнан.
Ведомство көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін де еске салады.
Айта кетейік, бұған дейін журналистің денсаулық жағдайы күрт нашарлағанын жазған болатынбыз.