×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Джокович-Алькарас: Уимблдон финалында кім жеңеді?

15.07.2023, 14:03
Фото: Ulysmedia.kz

Ертең, яғни 16 шілде Уимблдонның соңғы күні. Ерлер арасында финал. Әлемнің екінші мен бірінші ракеткалары кездеседі. Корттың арғы жағында 24 дүркін Үлкен Дулыға турнирінің чемпионы, рекордсмен Новак Джокович (Сербия, 36 жас), ал бергі жағында былтырғы US Open чемпионы, жаңа буын өкілі Карлос Алькарас (Испания, 20 жас).

Финалға қалай жетті?
Джокович Уимблдонды 7 рет жеңген. Шөп төсенішінде соңғы он жылдықтың ең үздік теннисшісі. Финалға дейін Качин (Аргентина), Томпсон (Аустралия), Вавринка (Швейцария), Хуркач (Польша), Рублев (Ресей) және жартылай финалда Синнерді (Италия) жеңді. Алты кездесуде қарсыластарына тек 2 сет есе жіберді.

20 жасар Алькарас бірінші айналымда Шарди (Франция), сосын Мюллер (Франция), Джарри (Чили), Берретини (Италия), Руне (Дания), ал жартылай финалда Медведевтен (Ресей) айласын асырды.

Джокович пен Алькарас өзара екі рет ойнаған. Былтыр Мадридте өткен Мастерс турнирінде испандық теннисші жеңсе, биыл әйгілі Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалында Джокович жеңген. Яғни есеп 1:1. Теннисшілер финалда бір-біріне қарсы ойнамаған. Егер титулды Джокович жеңсе, әлемнің бірінші ракеткасы атағын қайтарып алады. 

“Ол жас әрі аш. Мен де ашпын. Финалда неге жақсы ойын көрсетпеске?”- деді өз сөзінде әйгілі Джокович.
Жауап ретінде Алькарас: “Өзіме сенемін. Новакты мында жеңу өте қиын іс, бірақ сенетін боламын. 2013 жылдан бері жеңілмей келеді. Сол үшін маған өте қиын жүк артылуда. Алайда бұл мүмкіндік үшін алғысым шексіз. Қазір қорқатын уақыт емес. Дайынмын,”- деді.

Уимблдонда әйелдер арасында финалдық матч 15 шілде, Астана уақыты бойынша сағ. 20:00-де, ал ерлер финалы 16 шілде сағ. 20:00-де басталады.

Ерик Ильясов, арнайы Ulysmedia.kz үшін Лондоннан

Серіктес жаңалықтары