Шегірткенің шабуылын Ақтау іргесіндегі Құрық ауылының тұрғындары байқап қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық аумақтық инспекция республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығына көшпелі (азиялық) шегіртке туралы ақпарат түскенін мәлімдеді.
Мониторинг барысында жәндіктердің таралу аумағы 50,3 гектарды құрайтыны анықталды. Фитосанитарлық шаралар қабылданады.
“Ешқандай қауіп жоқ. Шаруалар мен ауылшаруашылық тауар өндірушілері тарапынан шағымдар түскен жоқ”, - деп атап өтті департамент.
Еске салсақ, Қостанай облысында шегіртке 16 мың гектар жайылымдық жерді басып қалғаны хабарланған болатын.
Бұған дейін Қостанай облысының 11 ауданында шегіртке санының зияндылық шегінен асып кеткені белгілі болған.